CaspianLife, 23 сәуір — Жайықтың жоғары жағындағы Жайық-Орынбор гидробекетінде су деңгейі күн сайын төмендеп келеді. Мұнда бір тәулік ішінде су деңгейі 23 см-ге түсіп, қазір 918 см болып тұр. Қауіпті деңгейден 11 см төмен. 23-сәуір күні Иреклі суқоймасынан секундына 252 текше метр су жіберіліп жатыр.
БҚО-дағы Январцево ауылының тұсында Жайық деңгейі 23-сәуір күні 2 см төмендеді. Ал Орал қаласының тұсында 2, Көшімде 5, Тайпақта 8 см-ге көтерілді. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 6 см-ге көтеріліп, қазір 418 см боп тұр, қауіпті деңгей 550 см. Батыс Қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 5 см-ге көтеріліп, 587 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см. Махамбет ауылы маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 4 см-ге көтеріліп, су деңгейі 710 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 393 см-ге көтерілген. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 18 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 288 смге жетті. Қауіпті деңгей 5 метр. Жем өзенінің деңгейі бір күн ішінде 1 см-ге төмендеп, 170 см-ді көрсетті.