CaspianLife, 3 қараша — Атырау облысы бойынша экология департаменті «Karabatan Utility Solutions» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісілген СО2 шығарындыларына квота көлемі 35 482 тонна бола тұра кәсіпорын жалпы көлемі 743 105,874 тонна шығарынды шығарған, деп хабарлайды CaspianLife.
Осылайша, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС көміртегі мөлшерін бөлінген квота мөлшерінен көп шығаратын қондырғыны пайдаланған.
Аталған факт бойынша департамент акт жасап, заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берді. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 329-бабында көзделген әкімшілік іс қозғалды.
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен кәсіпорын 7 млрд теңге айыппұл мөлшерінде әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл мемлекет кірісіне төледі.