Caspian Life, 29 қазан. Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтада 43 адамның денесі табылды, 3 кенші іздестіріліп жатыр.
Апат 28 қазанға қараған түні болған, апат кезінде жер астында 252 шахтер болған деп айтылады. 206-сы өз бетімен жер үстіне шыққан. Қалғандары сыртқа шыға алмай қалған.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа көмір оятын орыннан өрт шығуы себеп болған.
Қаза болған кеншілердің туыстарына жарылыстың салдарынан бөлшектенген марқұмдардың денесін тану мүмкін болмағандықтан ДНҚ-сараптамасы жүргізілетінін, туыстарынан қан алынатыны айтылды.
Бас прокуратура «Тау немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы (277-бап, 3-бөлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.
Қазақстанда 29 қазан апаттан қаза болған шахтерларды жалпыұлтық аза тұту күні жарияланды. Жексенбі күні Қазақстанның барлық аумағында тулар төмен түсірілді.