Caspian Life, 28 қазан. Костенко шахтасында мерт болған кеншілердің жеке басын анықтау қиынға түсіп жатыр. Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Қарағанды филиалы директорының орынбасары Жұмат Өкенов айтты.
«Шахтадан қаза болған 6 адамды шығардық. Енді бір сағаттың ішінде 11 адамды шығарамыз. Қазір шахтаның шығыс бөлігінен мерт болғандарды жоғары көтеруге дайындап жатырмыз. Апат кезінде кеншілердің денелеріне қатты зақым келген. Осының салдарынан олардың аты-жөнін анықтау қиынға түсіп жатыр», – деді Ж. Өкенов.
Бұл тұрғыда көз жұмған кеншілердің тұлғасын анықтауға біршама уақыт керек екенін айтты.
«Қазір табылмаған 13 адамды іздестіруге бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Апат болған жерде өрт ауыздықталды. Қазір шахтада құтқарушылардың жұмысына қауіп жоқ», – деді директордың орынбасары.