Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында аяқ-қолының ақауы бар 19 балаға ресейлік дәрігерлер ота жасады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жұлдызай» қайырымдылық қорының «Мүмкіндік» жобасы аясында Альбрехт атындағы мүгедек балаларға арналған хирургия және протездеу ғылыми орталығының балалар хирургі, ортопед-травматолог Санкт-Петербордан келген Андрей Кольцов және оның ұстазы профессор Игорь Шведовченконың қатысуымен шеберлік сабағы өтті.
Аяқ-қолдардың әртүрлі даму ақаулары бар, оның ішінде артрогрипоз, туа бітті пайда болған аурулар, саусақтарының туа біткен кемістігі, саусақтары бір-біріне жабысып туған немесе саусақтары алшақ болып туған балалар, қолдарының қисық бітуі, тізе-буын, аяқ басының қисаюы сырқаты бар 1 -16 жас аралығындағы балаларға ортопед-хирургтартар операция жасады. Облыстың штаттан тыс бас травматологы Құрман Қайрановтың айтуынша, шеберлік сабағы 22-26 қазан аралығында өтті. Алғашқы күні ресейлік дәрігерлер тарапынан кеңес берілді. 23-26 қазан, яғни 4 күн бойы 19 балаға операция жасалды. — «Қол мен аяқ басының ортопедиялық ауруларының хирургиялық емдеу тәсілдері» деп аталатын шеберлік сабағы 5 күнге жалғасты.
Шеберлік сабағының әрқайсысы кәсіби деңгейді көтеруге мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндікті ұсынған «BI Жұлдызай» қайырымдылық қорына рақмет айтамыз. Ғалымдардың тәжірибесі, олардың ашқан жаңалықтары, операцияның жаңа әдістері үнемі қажет», — деді хирург-травматолог Құрман Қайранов. Айта кетейік, операцияға Маңғыстау облысынан бөлек Орал, Алматы, Шымкент т.б қалалардан балалар келді. Алдағы уақытта да жұмыстар жалғасын табады.