ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің айтуынша, «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы бойынша алғашқы төлемдер 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап аударыла бастайды.
«Өздеріңіз білетіндей, бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарында іске қосылады. Одан кейін есептеулер жүргізу үшін бір балаға соманы анықтау қажет болады. Бұл қарапайым арифметика, 18 жылдағы инвестициялық кірістің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың санына бөлінеді. Сол арқылы бір балаға берілетін сома анықталады. Және де аударым алдағы жылдың 1 ақпанынан жүзеге асырылады. 1 ақпаннан кейін 18-ге толған балалар электронды платформа арқылы ақшаны шешіп алуға өтінш беруге құқылы», — деді ол.