Ақтауда уланып, жансақтау бөлімінде жатқан балалар үйге шығарылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
Бұған дейін бір бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатты. Тағы бір баланың жағдайы қалыпты ауыр болатын. Еске салайық, оқиға 21 қазан күні 7 шағынаудандағы үйдің біріне болған. Қандала уынан көрші үйдің екі баласы қайтыс болды. Екі баласы жансақтау бөліміне түскен еді.