Caspian Life, 24 қазан. ҚР Премьер-министрінің орынбасарлары президент әкімшілігіне қарасты «Бүркіт» әуе компаниясының ұшақтарынан түсіп, жеке әуе компанияларының рейстеріне отырғалы бюджет шығыны айтарлықтай азайды, деп хабарлайды ProTenge телеграм чаты.
Нәтижесінде Үкімет мүшелерінің ел ішіндегі іссапары үшін жұмсалатын қаржы 4 жылда 213 миллионнан 13,6 миллион теңгеге түсті. Өткен жылы үкіметте вице-премьерлер ендігі жерде ҚР Президенті әкімшілігіне қарасты «Бүркіт» әуе компаниясының емес, кәдімгі жолаушылар рейсін пайдаланады деп уәде берген еді. Сол бірте-бірте жүзеге асып келе жатқан сықылды. Мысалы 2020 жылы «Бүркіттің» ұшағы әуеге 21 рет көтеріліп, ол үшін бюджеттен 213 млн теңге төленген. Ал 2021 жылы 19 рейс үшін 177,5 млн, 2022 жылы 5 рейс үшін 54,4 млн, ал биыл 2 рейс үшін 13,6 млн теңге жұмсалыпты.