23 қазанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады. Бұл туралы Казгидромет хабарлайды.
Синоптиктердің болжамы бойынша, дүйсенбіде тек Атырау қаласында ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.