Caspian Life, Атырау. Енді Қазақстандағы пойыздарда жолаушылар интернетке тегін қосыла алады, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі. Ол Қазақстандағы барлық поезда қолжетімді.
Жаңа қызмет түрі жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін енгізілді. Ол Қазақстандағы барлық поезда қолжетімді.
Осылайша, вагондардағы Wi-Fi арқылы кең жолақты интернетпен қамтылмайтын аймақта жолаушы жеке электронды құрылғысын, ұялы телефоны немесе планшетін қолдана отырып, көркем, деректі фильмдер және мультипликациялық туындыларды көре алады әрі музыкалық шығармаларды тыңдай алады. Аталған қызмет түрі жолаушылар үшін тегін.
Ол үшін жолаушы өз құрылғысынан Wi-Fi қосып, содан кейін тізімнен KTZ желісін таңдауы керек. Әрі қарай браузерді ашып, http://vputi.kz сайтына өту қажет.