Caspian Life, 9 қазан. Атырауда кәсіпкерлерді заңсыз тексеру тыйылмай тұр. Жыл басынан бері прокурорлар 32 заңсыз тексерістің алдын алыпты. Және 180 кәсіпкерлік субъектісіне тексеріс жүргізгелі жатқан жауапты орындардың жолын кескен көрінеді. Яғни мемлекеттік мекемелер бизнес өкілдеріне еш негізсіз, дәлелдемелі құжаттары қолдарында толық болмаса да шүйліккен.
Ақырында 55 лауазымды тұлға тәртіптік, 3-уі әкімшілік тұрғыдан жазаланды.
Атырауда кәсіпкерлерді заңсыз тексеру тыйылмай тұр. Жыл басынан бері прокурорлар 32 заңсыз тексерістің алдын алыпты. Және 180 кәсіпкерлік субъектісіне тексеріс жүргізгелі жатқан жауапты орындардың жолын кескен көрінеді. Яғни мемлекеттік мекемелер бизнес өкілдеріне еш негізсіз, дәлелдемелі құжаттары қолдарында толық болмаса да шүйліккен.
Ақырында 55 лауазымды тұлға тәртіптік, 3-уі әкімшілік тұрғыдан жазаланды.