CaspianLife, 19 қыркүйек — NCOC компаниясы жылына 1 млрд текше метр газ тапсыру жобасы бойынша міндеттемелері шеңберінде газ құбырының құрылысын бастады, деп хабарлайды CaspianLife.
«Болашақ» МГКДҚ мен үшінші тараптың газ зауыты арасындағы газ құбырының ұзындығы шамамен 15 шақырым. Диаметрі 16 дюйм газ құбыры Солтүстік Каспий жобасының күрделі жағдайында пайдалану үшін арнайы жасалған және газ құбырының құрылысында қолданылатын халықаралық қауіпсіздік класс стандарттарына сәйкес келеді. Жергілікті мердігер «KCOI» ЖШС теңіз және құрлық арқылы құбырларды орнату алаңына тасымалдады.
Бұл жоба «Болашақ» МГКДҚ-дан үшінші тараптың газ өңдеу зауытына жылына 1 миллиард текше метр шикі газ жіберуді көздейді. Газ өңдеу зауытының құрылысын «QazaqGaz» ҰК» АҚ жүргізіп жатыр. Бұл жобаның сәтті іске асырылуы Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру деңгейін тәулігіне шамамен 25 000 баррельге арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл жоба газдың ресурстық базасының ұлғаюын қамтамасыз етіп, Қазақстан өңірлерін табиғи газбен қамтып, ел экономикасына елеулі әсер ететіндігін атап өткен жөн.