CaspianLife, 14 қыркүйек — Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 8 қыркүйек күні жедел-ідестіру шараларын жүргізу кезінде Жылыой ауданындағы бағанаға ілінген электр кабельдеріне ұрлыққа түскен 26 жастағы 2 жігіт және 24 және 25 жастағы тұрғындарды ұстады, деп хабарлайды CaspianLife.
Сондай-ақ, 24 жастағы күдіктінің Газель автокөлігін тінту кезінде шамамен 4 шақырым жоғары вольтты электр желісінің кабелі тәркіленген. Жылыой ауданы аумағында электр бағаналарын орнатып, тоқ жүргізіп жатқан компанияларға 100 млн теңгеден астам шығын келтірілген.
Тергеу барысында өз кінәсын мойындаған жігіттер ұрланған кабельдерді Ақтөбе қаласындағы темір-металл қабылдау орталығына тапсырғандарын айтқан. Қазір оларға қатысты 16 эпизодты қылмыстық іс басталып, «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.