CaspianLife, 11 қыркүйек — Атырауда қоян-қолтық ұрысынан ҚР кубогы өтіп, оған 8 облыстан жалпы саны 100-ге жуық спортшы қатысты. Ерлер 8, әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде күш сынасты, деп хабарлайды CaspianLife.
Ерлер арасында командалық есепте 1-ші орынға Астана құрамасы ие болса, 2-ші орын Атырау облысына тиесілі. Ал үшінші орын Алматыдан келген спортшыларға бұйырды. Әйелдердің арасында өткен сайыстың нәтижесінде командалық есепте атыраулық спортшылар топ жарды. Ал 2-ші және 3-ші орынды алматылық және астаналық қыз-келіншектер бөліп алды. Республикалық жарыс қазан айында Белорусь астанасы Минск қаласында өтетін әлем кубогіне қатысатындарды іріктеу мақсатында өткізілді.
«Қоян-қолтық ұрысы Атырауда жақсы дамып келеді. Олимпиадалық емес жоғары спорт шеберлігі мектебінде бөлім бар. Және балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде де бөлімшелер бар. Атыраулық спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, жақсы спортшылар ұлттық құрамада жақсы нәтиже көрсетуде»-деді олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Данияр Юсупов.