CaspianLife, 6 қыркүйек — Әлеуметтік желіде 7 жасар бүлдіршіннің 4-қабаттағы терезенің алдында тұрып, анасын шақырып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды CaspianLife.
Оқиға 32А шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болды.
Полицейлер кәмелетке толмаған баланың ата-анасын анықтады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, балаларды қауіпті жерлерде жалғыз қалдырмау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.