CaspianLife, 31 тамыз — Ақтауда концерт кезінде 200-ден астам бала ата-анасынан адасып қалған, деп хабарлайды Caspian Life облыстық ПД-не сілтеме жасап.
30 тамыз күні мұнай компаниясының мерейтойына орай концерт өтіп, танымал әншілер өнер көрсеткен еді. Ол жерде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін 300-ге жуық полицей қызмет етті. Концерт барысында 200-дей баланың жоғалып кеткендігі туралы өтініш түскен.
«Адасып кеткен балалардың ең кішісі 3-те, үлкені 15 жаста болды. Олардың барлығы табылып, ата-аналарына аман-сау тапсырылды. Ауа райының салқындауына байланысты жеткіншектер тоңып қалмау үшін автобуспен жақын маңдағы учаскелік полиция бөліміне жеткізілді. Балаларды іздеп, табу 15 минуттан 1 сағатқа дейінгі уақытты алды», — делінген департамент хабарламасында.