CaspianLife, 31 тамыз — Енді Қазақстандықтар eGov mobile қосымшасы және eGov.kz. порталы арқылы несие және микроқарыз алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш бере алады, деп хабарлайды CaspianLife.
Тыйым 6 айға дейін белгіленеді, кейін автоматты түрде алынады. Шектеуді кез-келген уақытта алып тастауға болады.
«Несиеден өз еркімен бас тартуға өтінішті тек жеке тұлғаның өзі беріп, өзі ала алады. Біз бұл арқылы еліміздің азаматтарын заңсыз несие бермек болған алаяқтардан қорғағымыз келді», — деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ротислав Коняшкин.
Аталған қызметті eGov mobile мобильді қосымшасында «Танымал қызметтер» бөлімінен табуға болады, ал порталда «Азаматтар» — «Кеден және салықтар» — «Экономика және қаржы» бөлімдеріне өту қажет.