CaspianLife, 29 тамыз — Президент адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен өткен кездесуде халықтың сот, құқық қорғау және қадағалау органдарының шешімдеріне наразылығының өскенін көрсететін статистикаға тоқталды, деп хабарлайды CaspianLife.
Мемлекет басшысы қарапайым халық құзіретті органдардың көмегімен әділдікке жете алмай, Президент әкімшілігіне жүгінуге мәжбүр екенін жеткізді.
«Келіп түскен арыздардың саны өсуде. Арыз-шағымдарды талдау кезінде тұрғындардың көбі сот, полиция және прокуратура қызметіне шағымданатыны байқалды. Бұл сіздердің тікелей қатысуларыңызбен шешілуі тиіс үлкен мәселе. Жауапты органдардың жұмысына ешкім кедергі келтіре алмайды. Басшылық пен әкімдіктер бұл мәселені шешуде қажетті көмек көрсетуі керек», -деді Қ.Ж.Тоқаев