CaspianLife, 28 тамыз — Жылыой әкімдігі қоқыс толған карьерді жабуға кірісті, деп хабарлайды Caspian Life.
Бұл туралы Құлсары қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 4 тамыздан бастап карьердегі қоқыстар тазаланған. Ал қазіргі уақытта топырақ төселуде.
Айта кетейік, карьер 1993 жылы Жадырасын ауылы маңынан су тасқынының алдын алу үшін қазылған еді. Алайда, уақыт өте келе ол жерге түрлі қоқыстар жиналып қалыпты.