CaspianLife, 10 шілде — Атырау халқы Елорда күнін атап өтті, деп хабарлайды CaspianLife.
Бейбарыс сұлтан атындағы алаңға жиналған қауым «Елорда — елімнің айнасы» атты мерекелік концертті тамашалады. Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы ұйымдастырған мерекелік концертке өңірге белгілі өнер иелері қатысты. Олар екі сағат бойы елордаға арналған және өздерінің репертуарындағы шығармаларды орындап, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Астана күні құтты болсын. Біз мына жанұямызбенен, балдарымызбенен осы концертке келіп жатырмыз. Концерт өте жақсы өтіп жатыр. Бәріне қуаныштымыз. Еліміз тыныш болсын, аман болайық. Жұртымыз тыныш, нанымыз мол болсын. Бәріне ризамыз, жақсымыз, көп рахмет» — деді Атырау қаласының тұрғыны Әлима Наурызбаева.