CaspianLife, 16 маусым — Атырауда туризм саласында жаңа жұмыс орындары ашылмақ, деп хабарлайды Caspian Life облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақта құны 10,8 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның арқасында 338 жаңа жұмыс орны ашылады. 5 жоба бүгінде іске қосылған, ал екеуі жыл соңы дейін аяқталады деп күтілуде.
«Ежелгі Сарайшық қаласының маңыздылығы мен танымалдығын арттыру үшін биыл мұнда визит-орталық ашылды. Көне шаһар Қазақ хандығының астанасы болған өңіріміздегі қастерлі әрі тарихи орындардың бірі екенін жақсы білесіздер. Сарайшық қалашығы өңіріміздің визит картасына айналады, деп сенеміз. Қазіргі таңда 2023-2027 жылдарға арналған «Сарайшықты дамыту» тұжырымдамасы жасақталып жатыр. Сондай-ақ, жыл соңына дейін тағы екі жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл – «Keremet park» аттракциондар мен белсенді отбасылық демалыс паркі және Исатай ауданындағы «AMANDYQ» кемпингі»,- деді С.Шәпкенов.
Фото: Рахим Қойлыбаев