CaspianLife, 15 маусым — Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының бойына «Сергек» камералары орнатылуда, деп хабарлайды Caspian Life.
Нақты айтқанда ақылды құрылғылар облыс орталығы мен Қарабатан зауыты аралығындағы жол қозғалысын реттемек, — дейді полицейлер. Аталған участокке бейнебақылау камераларын қондыруға бірнеше фактор әсер еткен көрінеді. Біріншісі жол көлік оқиғасы көбейіпті. Биыл шахар сыртындағы тас жолдарда 35 жол апаты болған. 23 адам қаза тауып, 54 адам жарақат алған. Және шет елдерден, өзге өңірлерден келетін көлік те көбейіпті.