CaspianLife, 4 сәуір — Құтқарушылар Каспий жағалауындағы қамыс өртін тікұшақпен сөндіруге кірісті, — деп хабарлайды caspianlife.kz
«Ақжайық» резерваты аумағындағы өрт 2 сәуірде басталған болатын. Содан бері облыс орталығы бірнеше рет түтінге оранды. Мамандардың сөзінше, шамамен 90 гектарга жуық жер жанып кеткен. Ең қиыны қалың қамыс арасына техника бара алмайды. Қала берді жел де бағытын қайта-қайта өзгертіп жағдайды қиындатып тұр. Сол себепті құтқарушылар осы уақытқа дейін жалынды қолда бар құралдармен өшіруге тырысқан еді.