CaspianLife, 2 сәуір — Қаланы басқан қою түтінге » Ақжайық» резерватындағы қамыс өрті себеп деп хабарлайды caspianlife.kz.
Атырау облыстық ТЖД хабарлауынша, қамыс өрті сағат таңғы 9 шамасында Дамбы селосынан 30 шақырым қашықтықтағы Каспий теңізінің жағалауында «Ақжайық» резерватының аумағында тіркелген. 19:00 ге дейін 85 гектар жер өртеніп кеткен. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер 5 гектардағы қызыл жалынды өшіруге тырысып жатыр. Мамандардың айтуынша, сөндіру жұмыстарына жел екпінінің қатты болуы да кедергі келтіріп тұр. Бірақ маңайдағы елдімекенге қауіп жоқ. Ресми мәліметке сүйенсек, өрт сөндіру жұмыстарына 40 қызметкер, 11 техника, 2 қайық пен 4 мотопомпа жұмылдырылған.