CaspianLife, 1 сәуір — Атырау облысының әкімдігі мен Астрахань облысының басшылығы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Атырауға жұмыс сапарымен келген Астрахандық делегация мүшелері мен жергілікті басшылар келіссөздер жүргізді. Қос облыс 3 жылға бекітілген іс-шаралар жоспары аясында ауыл және балық шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту, білім, денсаулық пен мәдениет сынды бірқатар салада көрші өңірлер иық тіресіп жұмыс істемек.Ресми іс-шарада облыстарға ортақ жүк тасымалы, бақылау бекеттерінің жағдайы сияқты бірнеше мәселе көтерілгенін айта кетейік.