CaspianLife, 30 наурыз – Атырау облыстық экология департаменті «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясын тексеріп, ереже-заңдардың өрескел бұзылғандығын анықтады деп хабарлайды сaspianlife.kz .
Мысалы компания «Болашақ» алаңында 1 млн тоннадан астам күкіртті сақтап отыр.Сарқынды су буландыру тоғанына тазартудан өткізілмей жіберіліп, шикі газ ауада рұқсатсыз жағылған. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында көзделген талаптар да ұмыт қалыпты. Мұнай алпауыты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс шаралар жоспарын да толық орындамайтын болып шықты. Осы және өзге де заң бұзушылықтарды тізген экологтар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің алты бірдей бабы бойынша іс қозғады. Қазір бұл іс Атырау қаласының әкімшілік сотында қаралып жатыр.