CaspianLife, 14 наурыз — Маңғыстау облысында халықтың 8,1 пайызы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыс алады. Бұл туралы Caspian Life сайты LS ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бір миллионға жуық қазақстандықтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен – 986,6 мың адам кедейлік шегінен төмен. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың ең көп үлесі – 8,5 пайызы Түркістан облысында тұрады.
Осыған ұқсас табыстары бар халықтың ең аз үлесі Павлодар облысында – 3,9 пайыз, Қостанай облысында – 3,8 пайыз, Атырау және Қарағанды облыстарында – 3,2 пайыз, Ұлытауда – 2,2 пайыз, ал ең азы Астанада – 2,1 пайыз болды.
Еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі бір адамға айына 45 623 теңгені құрайды.