CaspianLife, 15 ақпан — Бүгін сағат 15:00 шамасында Атырау-Индер тас жолының 72-шақырымында Toyota Ipsum және Lada Grantа автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлайды CaspianLife.
Салдарынан Lada Granta автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі оқиға орнында, 61 жастағы жолаушы ауруханада қаза тапты.
Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы дене жарақаттарымен Махамбет аудандық ауруханасына жеткізілді. Соққыдан кейін Toyota Ipsum көлігі өртенген, өрттен зардап шеккендер жоқ.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.