CaspianLife, 17 қаңтар — Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Атырау облысындағы 15 ауыл жаңғыртылады, деп хабарлайды CaspianLife.
Ол үшін республикалық бюджеттен 5,8 млрд теңгеге 22 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі кезде облыста 153 ауыл бар. Олардың қатарынан даму әлеуеті бар 93 ауыл іріктеліп алынған. 2019 — 2022 жылдар аралығында бағдарламаға сәйкес 40 ауыл қамтылып, 41 жоба іске асты. Ол үшін мемлекеттік бюджеттен 24 миллиард теңге жұмсалған. Яғни елдімекендерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық , әлеуметтік нысандар, ауылішілік жолдар салынып, реконструкцияланбақ және жөнделмек.