CaspianLife, 20 қараша — Жылыой ауданындағы ірі мұнай компаниялары бар Теңіз кен орнында да дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған. Онда 24 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлау комиссияларының құрамында 215 адам бар. Аудан бойынша дауыс берушілер саны 58 684 адам.
«Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Жұмыста жүрсек те, еліміздің ертеңі, балаларымның баянды болашағы үшін өз таңдауымызды жасауға келдік. Жаңа Қазақстанды құру үшін әркімнің дауысы маңызды»,- дейді СК мекемесінің қызметкері Руслан Салықов.
Теңіз кенішінде жұмыс істейтін, өзге өңірлердің 14 мыңға жуық азаматы да сайлау процесіне қатысады. Оларға 15 жылжымалы бекет қызмет көрсетеді.