CaspianLife, 14 қараша — Атырауда 35 жыл құжатсыз жүрген тұрғын анықталды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
35 жастағы әйел адам отбасылық жағдайын байланысты Ресейден Қазақстанға көшіп келген. Алайда, тұрғынның денсаулығына байланысты төлқұжаты болмапты. Мұны анықтаған Құрманғазы ауданының Көші-қон полиция бөлімшесінің мамандары тиісті құжаттар тізбесін жинақтап, Орал қаласындағы Елшілікке жолдады. Кейін әйелге жаңа төлқұжат табысталды.
Осы ретте тұрғынның әпкесі полицейлерге алғысын білдірді.