CaspianLife, 3 қараша — Еркінқала 2 ауылының тұрғындары сағызша созылған жол құрлысына наразы. Осыдан төрт жыл бұрын басталған жол төсеу жұмыстары әлі бітер емес дейді олар.
Еркінқала 2 ауылында барлығы 48 көше бар. Қазір оның 16-сында ғана негізгі қабат төселген. Ал қалғаны жергілікті атқарушы органдардың айтуынша 2023 жылы бітуі тиіс. Ал ауыл әкімі жол жұмыстарының баяулауына мердігер мекменің ауысуы мен қаржы жеткіліксіздігі себеп деп отыр.
Тұрғындар салынған жолдың сапасына да наразы. Себебі күні кеше төселген асфальттың беті қазірдің өзінде шұрқ тесік.