CaspianLife, 21 қазан — Атырауда Республика күніне орай қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды. Бұл туралы «Смарт-Атырау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Аронов мәлімдеді.
Әкімдік пен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың ортақ шешімімен қабылданған бұл мүмкіндікті жас айырмашылығына қарамастан қала тұрғындары мен қонақтарының бәрі пайдалана алады.