CaspianLife, 19 қазан — Атырауда биыл жол апатынан 2 бала қайтыс болды деп мәлімдеді облыстық ПД ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев.
Оның дерегінше, биыл облыста балалардың қатысуымен 52 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның 24-і Атырау қаласында болған. Оқиға салдарынан 53 бала жарақат алды. Былтырмен салыстырғанда балалардың өлім көрсеткіші 57,1%-ға төмендепті.
«Әйтседе, бұл сандардың өзі ата-аналарды уайымдатуы тиіс. Сондықтан балаларды арнайы авто орындықтарға отырғызып, қауіпсіздік талаптарын толықтай сақтауға шақырамыз», — деді полиция полковнигі.
Қазіргі таңда бойынша білім беру мекемелері маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы жол белгілері орнатылуда. Сондай-ақ, жыл сайын «Абайлаңыз, балалар!», «Қауіпсіз жол», «Мектепке жол» және тағы басқа жедел профилактикалық шаралар өтіп тұрады.