CaspianLife, 17 қазан — Атырауда әкелі-балалы екеуден бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді. Policia.kz сайтының хабарлауынша, олар бағалы балықтарды сатпақ болған.
Полицейлер күдіктілердің бірінің ауласында тұрған Нива маркалы автокөлік пен гаражды тінту кезінде 300 келіге жуық бекіре тұқымдас балық тауыпты. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.