CaspianLife, 30 қыркүйек — Атырауда ұры жүк көліктегі 20 млн теңгені қолды қылды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Таңғы сағат 07:20 шамасында 102 операторына 45 жастағы азамат «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолында тұрған «DAF» маркалы ауыр жүк көлігі ішінен 20 445 000 теңге салынған сөмкесін біреулер ұрлап кеткенін хабарлады.
Полицейлер іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні тапты. Сақшылар Мақат ауданының полиция қызметкерлеріне Geely GC 7 көлігін тоқтату туралы бағыттама берген. Нәтижесінде күдіктінің кім екені анықталып, полицейлер 23 жастағы азаматты қолға түсірді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.