CaspianLife, 29 қыркүйек — Атырау облысында 150 мыңнан астам гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали мәлімдеді.
Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша аймақ көлемінде 164 826,85 гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 119 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Оның басым көпшілігі өз еріктерімен қайтарылған.
«164 776,85 гектар жайылым, 50 гектар шабындық болса, қалған 3 гектар жер басқа мақсат үшін алынған. Айта кетейік, жер телімінің ішінде өз еріктерімен 164 326,85 гектар қайтарылған», — деді Әлібек Ермекқали.
Өткен жылы игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 201,82 мың гектар жер анықталған еді. Оның 17,67 мың гектары шара қолдану нәтижесінде қайта игеріле бастаса, ал 87,08 мың гектары мемлекетке меншігіне қайтарылды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар 97,07 мың гектар жерді тексеруде.