CaspianLife, 28 қыркүйек — Атырауда президенттік сайлау учаскесін анықтайтын Telegram-чат ашылды деп хабарлайды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атырауда сайлаушылардың өз сайлау учаскелерін анықтауына мүмкіндік беретін SailauAtyrauBot чат-боты ашылған.
«Осы арқылы тұрғындар сайлау қарсаңында мекенжайы бойынша тіркелген сайлау учаскесін анықтай алады. Бұл үшін SailauAtyrauBot чат-ботына ЖСН енгізу арқылы сайлау учаскесінің нөмірін, атауы мен мекенжайын біле алады.Егер дерекқорда көрсетілген ЖСН бойынша сайлаушы жөнінде деректер табылмаған жағдайда, тіркелген жергілікті Әкімдікке хабарласуыңызға болады», — делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.