CaspianLife, 27 қыркүйек — Атыраулық жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары Тасқала ауылы тұсында Lada маркалы автокөлігін тоқтатып, көлік тізгіндеген жүргізуші кәмелет жасқа толмағанын анықтады.
2005 жылғы жасөспірімнің ата-анасына аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 30 630 теңге көлемінде айыппұл салынды.