CaspianLife, 9 қыркүйек — Атырауда 20 жеңіл жүрісті жезөкшелер интимдік қызмет көрсетіп келген деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Полицейлер қала аумағындағы Авангард ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды тапты. Ол жерде интимдік массаж түрімен айналысатын 4 қызметкер және олардың әкімшісі, сондай-ақ, 20 жеңіл жүрісті жезөкшелікпен айналысатын әйел адамдар есепке алынды.
Притон анықталған пәтер иелеріне қатысты іс қозғау мәселесі шешілуде және 6 тұлғаға хаттама толтырылды.
Айта кетейік, аталмыш құқықбұзушылық 7-9 қыркүйек аралығында тәртіп сақшылары жүргізген «STOP-Трафик» профилактикалық іс-шара барысында анықталды.