CaspianLife, 2 қыркүйек — Атыраулық 16 жастағы жасөспірім өзенге батып бара жатқан бүлдіршінді құтқарып қалды деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.
Оқиға 2 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында болды. Евгений Русаков есімді бозбала шағын қайықпен Орталық дене шынықтыру кешені тұсындағы Жайық өзенінде өтіп бара жатып, баласын құтқармақ болған ер адамды байқап, бірден қол ұшын созуға ұмтылған. Көмек сұраған дауысты естіген патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп ер адам мен оның 3 жасар ұлын жағалауға шығарды. Оларға жедел жәрдем шақыртылып, алғашқы көмек көрсетілді.
Ал, өзенде адам тасымалдаудың қауіпсіздігін қадағаламаған тұлғаларға қатысты іс-құжаттар жинақталуда.