CaspianLife, 30 тамыз — Атыраулық жасөспірім құтқарушыларға қамыс арасында жоғалып кеттім деген жалған хабарлама берген. Бұл туралы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
16 жастағы жасөспірім хабарласқан телефон нөмірі өшіп тұрған соң іздеу жұмыстарына ТЖД қызметкерлері мен полицейлер жұмылдырылды. Кейін хабарламаның жалған екені анықталып, іздеу жұмыстары тоқтатылды. Жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылып, 84 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.