CaspianLife, 12 мамыр — Атырауда акция аясында 25 сәуірден бастап 37 азамат полицияға қаруды ерікті түрде тапсыруға ниет білдірді. Тұрғындар 36 бірлік тегіс ұңғылы, 5 иір ойық қаруды өз еріктерімен тапсырған. Олардың барлығы 2 млн 852 460 теңгеге бағаланды.
Азаматтарға сыйақы ҚР Ішкі істер министрінің «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына бекіту туралы» бұйрығына сәйкес төленетін болады.