CaspianLife, 3 мамыр — «Балалар жылына» орай Атырау облысындағы прокуратура білім беру ұйымдарының қызметіне талдау жүргізді. Нәтижесінде облысымыздағы 37 мектепте интернетке шектеу қойылмағаны, ал тоғыз мектепте интернет желісі мүлдем болмағаны анықталды. Сондай-ақ, оқушылардың тыйым салынған сайттарға кіруіне шектеу қойды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Осылайша 40 мыңнан астам оқушының құқығы қорғалды. Заңбұзушылыққа жол берген мектеп басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада.