CaspianLife, 27 сәуір — Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. Жалдамалы пәтер ақысын субсидиялауға өтінім беру 18 сәуірден бері қабылдануда деп хабарлады Индустрия және инновациялық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.
«Бағдарламаға отбасы мүшелерінің бір айлық табысы бір күнкөріс деңгейінен аспайтын жанұялар қатыса алады. Олар жалдайтын пәтер ақысының 50%-ын «Отбасы банкі» өтейді», — дейді министр.
Қазіргі таңда елімізде 590 мыңға жуық адам кезекте тұр, оның 210 мыңы әлеуметтік осал санатқа жатады. Және 70 мың қазақстандықтың табысы күнкөріс деңгейінен төмен.
«Көпбалалы отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар мемлекет қолдауына ие бола алады. Ыңғайлы болу үшін өтінімдер қабылдайтын цифрлық платформаны іске қостық. Барлық процесс otbasybank.kz порталында жүзеге асады. Өтініш берушілердің талаптарға сәйкестігі басқа ведомстволардың деректерімен біріктіріліп тексерілетін болады, — дейді Қайырбек Өскенбаев.
Сондай-ақ, министр жалдау төлемдерін субсидиялау процессі мен өтініштерді өзінің де бақылап отыратындығын телеграм парақшасында жазды.