CaspianLife, 14 наурыз — Бүгін Ақтау қаласындағы 1 шағын ауданда орналасқан №3 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан өрт шықты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құтқарушыларға қоңырау сағат 08:50 шамасында түскен. Өртті сөндіру үшін 9 техника, 26 қызметкер жұмылдырылды. Департамент мамандарының айтуынша,ғимараттағы әдістемелік бөлім жанған.
Жалын жарты сағат ішінде сөндірілді. 100-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт ғимараттың 30 шаршы метрін шарпыды», — дейді Ақтау қалалық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Әбдіраш.