CaspianLife, 21 ақпан — «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады, онымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Елдің солтүстік жартысына фронтальді бөлімдер әсер етеді — қар жауады, боран соғады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді, республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі.
Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градус аяз, шығысында 10-29 градус аяз, оңтүстігінде 5 аяздан 5 градусқа дейін жылу, батысында 0-10 градус аяз болады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.