CaspianLife, 1 ақпан — Заңсыз тауар тасымалдаушы Құрманғазы ауданының 38 жасар тұрғыны екені анықталды.
1 ақпан күні Астрахан-Атырау бағытындағы «Газель» автокөлігін шекарадан өтпек болғанда ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты Құрманғазы автокөліктік бақылау бөлімі тоқтатқан. Тексеріс барысында құқық қорғау қызметкерлерінің құжатсыз киімдері, қол сағаттар мен резеңке таяқтары тәркіленді.
Ер адам заңсыз жүктерді Астрахан қаласындағы «Солянка» базарынан алғанын айтқан. Ұсталған азамат Құрманғазы аудандық құзырлы мекемеге тапсырылды.