CaspianLife, 20 қаңтар — Оқиға бүгін сағат 09:00 шамасында болған.
Атырау облысы полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес Атырау-Индер тасжолында Volvo маркалы жүк көлігінің 1990ж.т., жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай көлік құралы аударылған.
Жүк көлігі Түркменстан елінен Ресей еліне қызанақ өнімін тасымалдау үшін жолға шыққаны белгілі болды. Көлік Маңғыстау облысының тұрғынына тиесілі.