CaspianLife, 19 қаңтар — Облыстық қаржы басқармасының басшысы Азамат Сәлімбаевтың айтуынша, тәртіпсіздік кезінде әкімдік ғимаратына келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгені құраған.
«Ғимараттың сынған 11 терезесін қалпына келтіруге 2,5 миллион теңге жұмсалды. Облыстық әкімдік ғимаратынан бірнеше ноутбук, кіреберісте тұрған Мемлекеттік ту ұрланған. Кабельдер бүлінген. Кабинеттердің есіктері зақымданған. Келтірілген зиянның бір бөлігі қолда бар қорлар есебінен өтелді», — дейді Азамат Сәлімбаев.
Сондай-ақ «Исатай-Махамбет» орталық алаңы бүлінген. Алаңға келтірілген шығын 3 миллион теңгеге бағаланған. Қазір алаңда қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға таялды.